21-01-21 |
1420 рет қаралған
Еуропарламент Ресейге санкция салу туралы айта бастады.
Еуропарламент Ресейге санкция салу туралы айта бастады

Еуропарламент ресейлік блогер Алексей Навальныйдың қамауға алынуына байланысты Еуродақтан «Северный поток 2»  құбырының құрылысын тоқтатуды және Ресей Федерациясына қарсы санкциялар салуды талап етуді жоспарлап отыр, деп жазады  Arasha.kz Speigel басылымына сілтеме жасап.

Алексей Навальный әлем назарын аудартқан Ресей президенті Владимир Путиннің ықпалды сыншысы. Ол соңғы онжылдықта белсенді қарсылық акцияларын ұйымдастырып, оппозиция кандидаттарына қолдау білдіріп жүр. Сонымен қатар, саяси белсенділермен байланысын нығайтып үлгерді.  Ресейде жемқорлықпен күрес қорын ашып, бірнеше заңбұзушылықтарды әшкереледі.

Саясаткер  «Ив Роше ісі» бойынша шартты түрдегі жазаға тартылған еді. 11 қаңтарда Ресейдің федералдық қызметі Навальныйды қамауға алуды талап етті.

Ол жеке парақшасында 17 қаңтар күні Мәскеуге «Победа» әуе компаниясымен оралатынын хабарлады. Оны әуежайда 100 поиция қызметкері күтіп алды. Саясаткер қорғаушысының қарсылықтарына қарамасатан күштік құрылым Навальныйдың қолына кісен салып, қамауға алды.

18 қаңтар күні полиция кеңсесіндегі сотта «Қорықпаңдар, көшеге шығыңдар. Мен үшін шықпаңдар, болашақ үшін шығыңдар»» деп Навальный халыққа үндеу жолдады. Навальныйдың штабы митингіні 23 қаңтарға белгіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.