arasha.kz

Евразиялық одаққа ортақ валюта енуі мүмкін

фото - Алма Обаева

фото - Алма Обаева

Евразиялық экономикалық одағына мүше елдерге ортақ валюта айналымға енуі мүмкін екенін орыс басылымы «Известия» газеті жазады. Басылымның жазуынша, одақ елдерінің трансшекаралық төлем жүйесін енгізу туралы ұлттық төлем кеңесінің ұсынысын Ресей қаржы министрлігі қолдаған екен. Ал осы ұлттық төлем кеңесінің басқарма басшысы Алма Обаева (суретте) одақтың ортақ ақшасы тек қана электронды ақша болады депті.

Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасын енгізуге Ресейге салынып келе жатқан экономикалық санкциялардың қауіп-қатері жағдайында одақ елдері арасындағы тауар айналымы төлем жүйесін жеңілдету мәселесі түрткі болып отырған көрінеді.

Exit mobile version