Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясы шетелде тағлымдамадан өтуге барған болашақ судьялардың ішімдік ішіп, сайран салған видеосы туралы арнайы мәлімдеме таратты. Видео youtobe тағы «Бәсе» каналында жарияланған еді.
Академия таратқан ақпаратта:»Бейнематериалдағы тұлғалар академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері болып табылады» делінген. Сондай-ақ видеоматериалға байланысты арнайы комиссия құрылып, істің ақ-қарасын айыруға кіріскен.
«Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шет елдегі тағлымдаман өту кезінде Академия магистранттары туралы 2020 жылдың 13 қаңтарында YouTube желісінің «БАСЕ» каналында жарияланған бейне материалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды. Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешуге, тексеру қорытындысы бойынша жасалған Комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген.
Академияның шетелде тағлымдама ұйымдастыруға жауапты кейбір қызметкерлер: оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Раззак, халықаралық ынтымастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер Абикеева, жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Толеп қазіргі кезде академияда жұмыс істемейді екен.