Біз
әлеуметтік
желіде
01-06-25 |
540 рет қаралған
Грузияда «Шетел агенттері туралы» жаңа заң қабылданды.
Грузияда «Шетел агенттері туралы» жаңа заң қабылданды

Грузия Парламенті үшінші, яғни соңғы оқылымда «Шетел агенттерін тіркеу туралы актіні» қабылдады. Бұл — бұдан бір жыл бұрын қабылданып, елде жаппай наразылықтар мен Грузияның Еуроодақ және АҚШ-пен қарым-қатынасына дағдарыс әкелген бұрынғы «иноагенттер туралы» заңның қатайтылған нұсқасы. Жаңа заң қылмыстық жауапкершілікті де енгізуді көздейді.

Биліктегі «Грузия арманы» партиясы жаңа заң жобасын 1938 жылы АҚШ-та қабылданып, әлі күнге дейін қолданыстағы «Шетел агенттерін тіркеу туралы» заңның (FARA) дәл көшірмесі деп атауда. Бұл заң жобасын пленарлық отырыста дерлік барлық депутаттар қолдады.

Билік өкілдерінің басқа да даулы бастамалары секілді, бұл заң да үш оқылымда, қызу пікірталастарсыз және елеулі қарсылықсыз қабылданды.

Өткен жылдың қазан айында оппозиция соңғы парламент сайлауының нәтижесін мойындамай, парламентке кіруден бас тартқаннан кейін, билеуші партияға қарсы шығатын ешкім қалмады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.