19-12-18 |
6890 рет қаралған
Хиджабпен мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға кіруге тыйым салмақ.
Хиджабпен мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға кіруге тыйым салмақ

Тәжікстанда әйелдерге хиджабпен мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға кіруге тыйым салатын заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл Тәжікстандағы хиджаб киюге тыйым салатын алғашқы заң жобасы. Заң жобасын жасауға Тәжікстан үкіметі жанындағы отбасы және әйелдер комитеті бастамашы болып отыр. Құқық қорғаушылар мен әйелдер заң жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтан шектейді деп біледі.

Бұған дейін Тәжікстан билігі хиджаб кию ұлттық дәстүрге және тәжік әйелдерінің киіну мәдениетіне қайшы екені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келген. Енді әйелдерге хиджаб және басқада мұсылман киімдерін кимеуге, қара орамал тартпауға кеңес беріп отыр.

Қазақстанда да мектеп оқушыларының хиджаб киюіне байланысты Ақтөбеде, Түркістан облысында даулы мәселелер болған.

Хиджаб мәселесіне қатысты өзгеде материалдарды оқи отырыңыз:
Орамал дауы: мұғалімнің ісі заңға қайшы емес

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.