22-03-19 |
6860 рет қаралған
Иоган Меркель: Астана атауын өзгерту конституцияға қайшы емес.
Иоган Меркель: Астана атауын өзгерту конституцияға қайшы емес

Конституциялық кеңес Қазақстан астанасының атауын өзгерту үшін Конституцияға өзгеріс енгізу Ата заңға қайшы емес, дейді конституциялық кеңестің мүшесі Иоган Меркель ҚазАқпаратқа берген пікірінде.

«Конституцияға қашан ешқандай өзгеріс енгізуг болмайтындығы нақты айтылған. Бұл ең алдымен біздің егемендігімізге, мемлекеттің тәуелсіздігіне, біртұтастық, аумақтық тұтастыққа, басқаруға, сондай-ақ біздің ел қызметінің негізгі принциптеріне, сондай-ақ Президент мәртебесіне қатысты. Астананың атын өзгерту осы аталған сұрақтардың ешбіріне жатпайды, сондықтан өзгеріс енгізу мүмкіндігіне біз оң шешім бердік, себебі заңгерлер ретінде біз бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп есептейміз», – деп мәлімдеді Конституциялық кеңес мүшесі Иоган Меркель.

Сондай-ақ оның хабарлауынша, өзгерістерді парламентке президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, үкімет ұсынған.

«Әлеуметтік желілерде президенттің өкілеттігін өзіне алған адамның біздің Конституциямызға қандай да бір өзгерістер енгізуге құқығы жоқ деп айтылған. 48 баппен бекітілген тікелей тыйым бар. Бірақ мәселе бұл ақпараттардың барлығы дұрыс тексерілмеген қорытындылардың негізінде шығарылан. Тоқаев парламентке ешқандай заң жобасын ұсынбады, бірақ парламенттің бірлескен отырысында ұсыныс тастады, ал нақты заң жобасын парламент ұсынды», -деді Конституциялық кеңес мүшесі.

Оның айтуынша, Үкімет пен парламент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобаларына бастама жасауға құқылы «және бұл негізгі заңға қайшы келмейді».

19-наурызда Н.Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеп, келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кірісіп, парламентте сөйлеген сөзінде экс-президент, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Назарбаевтың есімін мәңгілік есте қалдыр мақсатында Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған. Іле-шала мәжіліс Астана атауын ауыстыру туралы заң жобасын мақұлдап, Астана қалалық мәслихаты президенттің бастамасын қолдаған әрі Астананы Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.