фото: CNN
Иран АҚШ-тың әскери нысандарын атқылауға дайындалып жатыр. Бұл генерал Сүлейманидың өліміне жауап болмақ екен. Мұндай хабарды америкалық CNN телеарнасының эфирінде Иранның көшбасшысы аятолла Али Хаменейдің әскери кеңесшісі генерал-майор Хоссейн Дехгани айтқан.
Дегхани соғысты Америка бастады, сондықтан Ақ үй қарымтаға яғни әскери нысандарға қарсы шабуылға дайын болуы керек деген екен.
«Америка, Трамп мырза бізге қарсы әрекет етті. Сондықтан біз тікелей Америкаға қарсы әрекет жасаймыз» деген Хоссейн Дегхан.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео да Иран АҚШ-тың әскери нысандарына шабылдауы мүмкін екенін айтқан.
Қаңтардың 3-і күні Иракта АҚШ ирандық әскербасының көзін жойып, оқиға жауапкершілігін мойнына алғаннан кейін Вашингтон мен Тегеран арасындағы соғыс ықтималдығы туралы айтыла бастады.