arasha.kz

Иран мен Украинада қаралы күн жарияланды

Ирандағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық лайнердің әуе апатына ұшырауына байланысты 9 қаңтарды Украина үкіметі президент В. Зеленскийдің қаулысымен жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ал Иран үкіметі 9 қаңтарда екі жағдайға байланысты – Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауы және генерал Касем Сулейманиді жерлеу кезінде адамдардың тапталып қаза болуына байланысты аза тұту күні деп жариялағанын Иран үкіметінің өкілі Әли Рабий Twitter арқылы хабарлады. 

8 қаңтар күні Украина «МАУ» компаниясының жолаушылар ұшағы Tasnim Тегеран әуежайының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында экипаждың 9 мүшесі және 168 жолаушы болған. Ұшақта болған еш бір адам тірі қалмады.

Exit mobile version