13-06-18 |
5630 рет қаралған
Әйелдерге діни мәселелерді түсіндірді.
Әйелдерге діни мәселелерді түсіндірді

Алматыда 2017 жылдың 4-6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің діни мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары жұмыс жүргізді.

Онда діндердің рухани және моральдық компоненттері, әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесі, қазіргі қоғамдағы аналар, деструктивті діни бірлестіктерге қарсы тұру мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек сарапшылар дәстүрлі исламның нормаларын түсіндірді және соңғы уақытта еліміздегі өзекті болып табылатын радикалды ағымдардың зияндылығы туралы баяндады.

Сондай-ақ, діни саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қозғалды.

Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған шараға мемлекеттік орган өкілдері, діни қызметкерлер, қайырымдылық мекемелерінің оқушылары, студенттер, сауда үйлеріндегі жұмысшы әйелдер қатысты.

Сонымен қатар, жат ағымдардың жетегінде кеткен әйелдерге жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, діни және психологиялық кеңес берілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.