arasha.kz

Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілігіп, іздеу жарияланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.

Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

Биыл қаңтар оқиғасынан кейін Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция департаменті басшысы қызметінен босатылған еді. Ол Кәрім Мәсімовтің немере інісі болып келеді.

Exit mobile version