14-05-20 |
1650 рет қаралған
Каримованың байлығы Мирзиеевтің күйеу баласына өткен.
Каримованың байлығы Мирзиеевтің күйеу баласына өткен

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың балалары – Ислам және Иман Каримовтар әлеуметтік желіде Г.Каримова 1,2 миллиард АҚШ доллары болатын мүлкін өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істе көрсетілген шығын ретінде Өзбекстанға бергені туралы президент Шавкат Мирзиеевке үндеу жасаған.

Гүлнара Каримованың Өзбекстан үкіметіне берген мүлкінің қатарында «Узбекистон почтаси» («Өзбекстан поштасы»), байланыс операторы Perfectum Mobile, Ташкент қаласының жақсы аудандарындағы 98 пәтер, МДС медицина орталығы, екі жекеменшік клиника, әуежайда және Ташкент қаласындағы duty free сауда орны, сеть магазинов с дистрибуциялық Levi’s, Mango, Benetton және басқа әлемдік брендтер саудалайтын дүкендер желісі, бес мейрамхана, төрт кинотеатр, екі спорт және спа-клуб, Ташкент орталығындағы 20 құрылыс алаңы және 20 астам сауда орындары, риелтор компаниялары, мал шаруашылық фермалары, ауылшаруашылық жерлер бар.

Гүлнара Каримованың ұлы кіші Ислам Каримов анасына тиесілі өзге де дүние-мүлік соттың рұқсатынсыз Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласына қарамағына өтіп кеткенін айтқан.

«Әкеміз М.Максудидің сөзіне қарағанда, жүздеген миллион АҚШ доллары болатын біздің отбасылық кәсіпорнымыз Өзбекстандағы Coca-Cola да сіздің күйеу балаңыздың басқаруына өткен» деп жазады кіші Ислам Каримов.
Осылайша, кіші И.Каримов Гүлнара Каримовадан тартып алынған жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар және басқа да мүлік мемлекеттің меншігіне өткеніне күмәнданатынын да айтқан.

Гүлнара Каримова сотталып, қазір жазасын әйелдер түрмесінде өтеп жатыр. Өзбекстан прокуратурасының мәліметінше, Каримованың мемлекет пен азаматтардың мүддесіне келтірген шығыны 1 млрд 651,8 млн АҚШ долларына тең.

Сондай-ақ Каримованың үстінен АҚШ, Швейцария, Швеция, Голландия, Франция қатарлы елдерде қозғалған он шақты қылмыс істер бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.