Киевтің қалалық кеңесі Украина астанасында орыс тіліндегі мәдени туындыларды жария түрде пайдалануға мораторий жариялады. Бұл ақпаратты Киев кеңесінің баспасөз қызметі таратты.
Тыйым салынған мәдени туындыларға кітап, көркем альбом, аудиовизуалды шығарма, музыка, көркемөнер бұйымдары, театр және цирк қойылымдары, концерттер мен мәдени-білім саласының қызметі кіреді.
«Орыс тілі – агрессор елдің тілі, оған астанамызда орын жоқ», – деді Киев кеңесінің білім және ғылым, жастар мен спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының басшысы Вадим Васильчук.
2022 жылы маусымда Украина жоғарғы радасы қоғамдық орындар мен медиада Ресей музыкасын пайдалануға тыйым салған.