arasha.kz

Көлеңкелі кәсіптің кесірінен адал кәсіпкер жапа шегіп отыр

Біздің елдің экономикасының өсуіне кедергі келтіріп отырған жайттар көп. Соның бірі – көлеңкелі бизнес. Көлеңкелі бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер мемлекетке салық төлемеу үшін неше түрлі айла-шарғыға барады. Олар өз кірістерін жасырады. Бізге мұндай жағдайда еншілес компанияның бұрынғы атқарушы директоры көлеңкелі жолмен келетін ақшаның қандай жолдармен табылатынын айтып берді. Және заңсыз кәсіпкерліктің қалай жасалатынын әрі көлеңкелі кәсіптің жолдарын да бүге-шігесіне дейін әңгімеледі. Ол сондай-ақ пысық кәсіпкерлер миллиондаған қаражатты қалай, қайдан, қайтіп шығарғаны және оны заңдастыру үшін қандай қулық-сұмдыққа баратынын баяндаған еді.

2003 жылы Алматыда көлік компаниясы құрылды. Ол – Азия мен Еуропадан тауар тасымалдаумен шұғылданды. Ол кезде жеке кәсіпкер Тихонов Н.А компаниясында 20 адам жұмыс істеді. Жұмысшылар жалақыны уақытылы алып отырды, еңбек жағдайына да көңілдері толды. Бірақ 2015 жылы компанияның басына қара бұлт үйіріліп, жағдай күрт қиындады. Бір ғана жайсыз оқиғаның кесірінен компания банкротқа ұшырады.

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кіріс департаментінен бір кәсіпкерге тауар жеткізілмеді-мыс деген хабар түседі.

Кеңестер одағы құлаған тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы кеңес елдері арасында жүк тасымалы дами бастағаны мәлім. Бұрынғы жабық кеңес елдеріне Азия мен Еуропадан мыңдаған тонна тауар тиеген жүк көліктері ағыла бастады. Бұл жүк көлігі ағысынан көлік дәлізі өтетін мемлекет ретінде Қазақстанда сырт қалмады. 1994 жылы Алматыда халықаралық жүк тасымалдаушылар одағы құрылады. Одақ басшысы жүк тасымалымен айналысатын компанияларды пайдалы келісім негізінде іскерлік байланыс орнатуға шақырады. Одаққа кіру үшін бір реттік 5 мың АҚШ долларын төлеу керек және ай сайын жарна ретінде 1000 ағылшын фунт-стериллингін төлеу керек болды.

Мақсат Сақтағанов, «Халықаралық авткөлік тасымалдары одақ» қауымдастығының президенті:

– Біздің белгілеріміз бар жүк көліктері және біздің белгілер жоқ жүк көліктері болды. Егер біздің белгіміз болса, онда біз салықтан бастап өзгеде барлық шығындарды мойнымызға аламыз. Белгілі жерге жүк жетпей қалса, шығынға ұшырайды. Ал біз ондай жағдайды болдырмайтын арнайы құжат береміз.

Халықаралық жүк тасымалдаушылар одағының ұсынысын алғашқылардың бірі болып, Тихонов Н.А жеке кәсіпкерлігі қабылдайды. Компания 12 жыл бойы одаққа жарнасын төлеп, арнайы құжатты да сатып алып отырған. Өйткені халықаралық жүк тасымалдаушылар одағы жоғарыдағы арнайы рұқсат қағазды бірден бір мекеме. Сондықтан тауар тасымалымен шұғылданғың келсе қаласаң да қаламасаң да одақпен жұмыс істеуіңе тура келеді. Алайда біп кәіпкер құжаттардың бәрінің заңды екеніне көз жеткізу үшін заңгердің көмегіне жүгінген.

Жүк тасымалдау қауымастығының басшысы күні бүгінге дейін қауымдастықтың әріптес компанияларының жүк тасымалы евразиялық одақ елдері арасында еш кедергісіз жүріп келеді. Егер тауар жеткізілмесе, тоналса, авария болса шығынды қауымдастық мойнына алады. Қауымдастық басшысы әрқашан өз бизнес әріптестерін қорғауға дайын екенін айтады. Бастысы – жарнаны уақытында төлесе болды. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты.

Еншілес компанияның бұрынғы атқарушы директоры Серік Бұлғараевтың айтуынша, қауымдастық басшысы ақша жымқырумен айналысады дейді.

Серік Бұлғараев, «Халықаралық авткөлік тасымалдары одақ» қауымдастығының бұрынғы қаржы директоры:

– Мен ол жақта 3 жыл бойы атқарушы директор болдым. Қауымдастық президенті компаниялардың мүшелік жарналарын еншілес компаниялардың есепшотына аударып отырды.

Бұл әрине, ауыр айыптау. Дәлел ретінде бұрынғы атқарушы директор жалған келісімшарттарды көрсетті. Оның айтуынша, қауымдастық басшысы өз компанияларына пайызсыз несие беру арқылы өзгенің қаржысын жымқырған.

Серік Бұлғараев, «Халықаралық авткөлік тасымалдары одақ» қауымдастығының бұрынғы қаржы директоры:

Бұлғараевтың сөзінше, осындай жолмен қауымдастық басшысы 800 миллиондай қаражат шығарып, еншілес компанияларына аударған. Шамамен осындай сумма Тихонов жеке кәсіпкерлігін банкроттықтан құтқарып қалар еді. Бірақ компанияның банкрот болуына қатысты күмәнді жайттар бар. 2015 жылы шілде айында құжат бойынша компанияға Балтық елдерінен халық тұтынатын тауар жөнелтіледі. Алайда көп ұзамай тауар шекараға жетпей жоғалып кетеді. Жүк аяқ астынан жоғалып кеткендіктен Тихонов жеке кәсіпкерлігі 103 миллион теңге шығынға батады. Жағдайдың қалай болғанын білу мақсатында кәсіпкер әйел тәжірбиелі заңгерге жүгінеді. Заңгерлер бірден көптеген қайшылықтарды табады. Мысалы, рұқсат қағаздарындағы қойылған қол жалған болып шығады. Осыдан соң бес жылға созылып келе жатқан сот дауы басталған. Алайда 2015 шілде айындағы Балтық жағалауы елдерінен шыққан тауар қайда, қалай жоғалып кеткенін әлі күнге белгісіз. Ал Тихонов жеке кәсіпкерлігі банкортқа ұшырады. Әрі сот шешімімен кәсіпкерге жалғыз үйінен айырылып қалу қаупі төніп тұр. Заң бұзушылықтар көзге ұрып тұрғанымен заңгерлер не істерін білмей отыр.

Біріншіден, заңгерлердің айтуынша, «Халықаралық авткөлік тасымалдары одағы» қауымдастығының жүк тасымалына беретін арнайы құжаты жалған. Екіншіден, сақтандыру компаниясы қауымдастыққа 103 миллион теңгені баяғыда-ақ төлеп қойған-мыс. Бірақ ол сумма қауымдастықтың әріптесі Тихонов жеке кәсіпкерлігі төленуі тиіс. Заңгерлер қауымдастық Тихонов жеке кәсіпкерлігі қатысты алаяқтық жасағанына сенімді. Алайда мұны сотта дәлелдеу әзірге мүмкін болмай тұр.

«Халықаралық авткөлік тасымалдары одағы» қауымдастығы үстінен Тихонов жеке кәсіпкерлігі ғана емес, дәл сондай 8 жүк тасымалы компаниялары қауымдастық өз міндетін орындамай отыр деп арызданған. Алайда олардың арыздарына құқық қорғау органдары мен прокуратурадан жауап келмеген. Кейінгі кезде ғана бұл іспен экономикалық тергеу қызметі айналыса бастады. Егер қауымдастық басшысының кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Exit mobile version