Оңтүстік Кореяда 9 наурызда жаңа оқу жылы басталуы керек еді, алайда билік өкілдері жаңа коронавирустың өршуіне байланысты мектептер мен балабақшаларда оқу жылының басталуын кейінге қалтыратындарын айтты деп хабарлайды Оңтүстік Корея Білім министрлігі.
Бүгін, 24 ақпанда осы елде жаңадан шыққан коронавирусқа шалдыққандар саны 70 адамға артып, жалпы саны 800-ден асты.
Ел президенті Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіп деңгейін үшінші «қызғылты сары» деңгейінен төртінші «қызыл» деңгейіне дейін көтергенін хабарлады.