Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
240 рет қаралған
Қытай көліктеріне сұраныс азайды ма? – ең ірі көлік зауыты жабылып жатыр.
Қытай көліктеріне сұраныс азайды ма? – ең ірі көлік зауыты жабылып жатыр

Қытайдың ірі автокөлік өндірушісі BYD концерні соңғы айларда өндіріс көлемін айтарлықтай төмендетіп, зауыттарды кеңейтуге қатысты бірқатар жоспарларынан бас тартты. Бұл туралы Arasha.kz редакциясы Auto.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аналитиктердің пікірінше, мұндай шешімге Қытай ішкі нарығындағы сатылым өсімінің баяулауы және қоймалардағы дайын өнім қорының шамадан тыс артуы себеп болған.

BYD компаниясы түнгі ауысымдарды алып тастап, автокөлік өндірісін кемінде үштен біріне қысқартқан. Бұл шаралар ҚХР аумағындағы жеті өндірістік кәсіпорынның кемінде төртеуінде жүзеге асырылуда. Қысқарту қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Көктемнің екінші жартысында BYD 2025 жылдың басынан бергі ең төменгі өндірістік өсімді көрсетіп, автокөлік шығару көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 29%-ға азайған.

Айта кетейік, BYD – әлемдегі ең ірі электр көлігі өндірушілерінің бірі саналады. Компания соңғы жылдары жаһандық нарықта белсенді экспансия жүргізіп, Tesla-мен бәсекеге түсе бастаған еді. Алайда ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі компания стратегиясына қайта қарап, өндірістік қуаттылықты уақытша тежей тұруға итермелегені байқалады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.