22-12-18 |
13510 рет қаралған
Лавров Қазақстанға тек Ресей әскері ғана кіретін құжат әзірлеуде ме?.
Лавров Қазақстанға тек Ресей әскері ғана кіретін құжат әзірлеуде ме?

Мәскеу мен Ереван басқа үшінші елдің әскери қызметкерлерін Арменияда орналастыруға тыйым салатын келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы 19 желтоқсан күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

«Осындай келісім-шарт Қазақстанмен де жасау жоспарда бар» деді ол «Комсомольская правда» радиостанциясында сөйлеген сөзінде.

«Біз Арменияда ешқандай шетелдік әскерилердің болмайтындығына кепілдік беретін құжат әзірлеуді аяқтаудамыз. Ол қауіп-қатер мен тәуекелдер тұрғысынан ашықтықты қамтамасыз етеді»,- деді Лавров.

Қазақстан да, Армения тәрізді Ресей басшылық ететін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі.

Армения, Грузия және басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерге АҚШ тарту еткен биологиялық зертханалар туралы сұраққа жауап ретінде Лавров өзінің ескертуін жеткізді.

Ресей қорғаныс министрлігі қазан айында Грузияда Вашингтонның жасырын биологиялық қару зертханасы бар деп жариялады. Ол зертхана Ресей қаупсіздігіне нұсқан келтіретіндігі мәлімделген.

Сол уақытта Ереван Ресей шенеуніктеріне Армениядағы АҚШ қаржыландыратын осындай нысандарды тексеруге рұқсат берген.

Ресеймен тығыз әскери байланыс шеңберінде Арменияда шамамен 4000 ресейлік жауынгер бар.

Мамыр айында жұмсақ революция арқасында қызметке келген Никол Пашинян басшылығындағы Армения үкіметі осы альянсты қолдауға уәде берді.

Лавровтың үшінші елдердің әскери қызметкерлерін орналастыру туралы мәлімдемесіне әлі түсінік беруі керек дейді британиялық intellinews.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.