Duolingo – дүниежүзіндегі ең танымал мобильді қосымша. Ол арқылы азаматтар жер-жаһандағы негізгі тілдерді тегін меңгере алады.
Duolingo жыл сайынғы кезекті есебінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушыларының өз қосымшасы арқылы 2023 жылы қандай тілдерді үйренгені туралы деректерді сараптады. Одан әлемде қандай тілдер барынша сұранысқа ие екенін, адамзаттың қызығушылығы мен мүддесі жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын білуге болады, деп жазды inbusiness.kz.
Сонымен, «Duolingo Language Report 2023» есебі аталған қосымша арқылы тіл үйренген пайдаланушылардың 2022 жылғы 1 қазан мен 2023 жылғы 1 қазан аралығындағы деректеріне негізделген.
Көшбасшы – қайсы?
Талдау қорытындысында анықталғандай, дәстүрлі түрде ағылшын тілі көш бастады. Халықаралық қоғамдастық арасында бұл тіл сол бойы ең танымал шет тілі болып қалды. Әлемде жұрт үйренуге ең ынтық тілдер рейтингісінің алғашқы ондығы келесідей:
- Ағылшын тілі;
- Испан тілі;
- Француз тілі;
- Неміс тілі;
- Жапон тілі;
- Корей тілі;
- Итальян тілі;
- Хинди тілі;
- Қытай тілі;
- Португал тілі.
Биылғы жылы ағылшын тілі бірден 122 елде ең танымал шет тілдері арасында «№1» атанды. Осы жылы азаматтары ағылшыншаны үйренуге барынша құлық білдірген осы елдердің қатары алғаш рет Ауғанстан, Мальдив, Мальтамен толықты.
Демек, мысалы, миграциялық дағдарысты бастан кешіп жатқан Америкаға енді осы елдерден де эмигранттар толқынын күтуге болатындай. Көптеген мемлекетте ағылшын тілі күнделікті тіршілікте қолданылмағанымен, ол экономикалық қызмет, мысалы, шетелдік инвесторларды тарту, туризм, сондай-ақ академиялық ақпарат алмасу, айталық, әлемдегі ғылыми жаңалықтарды ақпарат көздерінен, ғылыми журналдардан бірінші болып оқып, білу үшін қажет етіледі.
Кейінгі жылдары ағылшын тіліне Азиядағы шәкірттер көбірек қызығушылық білдіре бастады. Үндістандағы (40%), Вьетнамдағы (50%) және Қытайдағы (54%) шәкірттердің көбісі ағылшын тілін білім алу және кәсіби мансапта өсу үшін үйренеді.
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024