Өткен жылы әлемде аштықтан қайтыс болған адамдардың саны алты есе өсті. Өлім-жітім бойынша бұл жағдай COVID-19-дан көз жұмғандар санынан асып кетті, деп дабыл қақты сарапшылар.
Коронавирустық пандемия басталғаннан бері әр минут сайын аштықтан 11 адам, ал COVID-19-дан жеті адам қайтыс болады. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша азық-түліктің жетіспеушілігінен 155 миллион адам зардап шегіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 миллионға көп.
Ұйым аштықтың басты себебі көптеген соғыстар мен қақтығыстар, сондай-ақ пандемия әкелген экономикалық өзгерістер деп атады. Сондай-ақ климаттың өзгеруі тамақпен қамтамасыз етуді нашарлатады. Жаһандық проблемалар аясында азық-түліктің әлемдік бағасы 40 пайызға өскен. Бұл он жылдан аса уақыт ішіндегі ең жоғары өсім болып есептеледі.
Бұл жерде, ең бастысы, халықтың ең осал топтары қатты зардап шегеді. Әйелдер, балалар, мигранттар және экономиканың көлеңкелі секторында жұмыс істейтін жұмысшылар. Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы және Бразилия, сондай-ақ коронавирус ең көп зардап шеккен елдер аштықтың өсу ошақтары болды.
Баяндамада аштықпен байланысты өлім-жітімнің күрт өсуі – жаһандық әскери шығындардың өсуі аясында орын алатындығы айтылған. Соңғы рет шығын 51 миллиард долларға өскен. Бұл аштықты тоқтата алудан алты жарым есе көп. Сонымен бірге әлемдегі ең бай он адамның байлығы бір жыл ішінде 413 миллиард долларға өсті — бұл дегеніміз БҰҰ-ның бүкіл әлемдегі гуманитарлық көмек ұйымдарына жұмсаған шығындарынан 11 есе көп.
Бұған дейін БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) маусым айында әлемде азық-түлік бағасы соңғы жылы алғаш рет төмендегенін хабарлады.
Наурызда БҰҰ әлемнің 20 елі шұғыл азық-түлік көмегіне мұқтаж екенін айтқан. Олардың көпшілігі Африкада екенін, әйтпесе жаппай аштыққа тап болатынын жеткізген.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024