Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғаш рет тәжірбие мақсатында әуеге көтерілді, деп хабарлайды reuters.
Ұшақ 13-сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мохаве шөлінің үстінен екі сағаттай ұшып өтіп, Мохаведегі аэроғарыш айлағына қонған.
Ұшу кезінде ұшақ сағатына 305 шақырым жылдамдықпен ұшып, 5 шақырымнан аса биіктікке көтерілген.
Ұшақты Stratolaunch Systems Corp компаниясы жасаған. Ұшақ зымыран-тасығыштарды ғарышқа тасымалдау үшін жобаланған.