05-10-20 |
1720 рет қаралған
Әлиев ұлтына үндеу жасады (видео).
Әлиев ұлтына үндеу жасады (видео)

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өз әскерінің Қарабақтағы Джабраил қаласы мен тоғыз ауылды бақылауға алғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысының үндеуін елдің телеарналары жарыса жариялады.
«Әскеріміз Джабраил қаласын бақылауға алды. Сонымен бірге Кархулу, Шукурбейли, Йухары Марьян, Челекен, Дашкесен, Хоровлу, Дичал, Махмудлу және Джафарабад ауылдарын қайтардық. Осымен шектеліп қалмаймыз! Басып алынған басқа қалалар мен елді мекендерді де өз бақылауымызға аламыз», – деді үндеуде Ильхам Әлиев.
Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан тарапы осыған дейін 14 ауыл мен стратегиялық нысандарды бақылауға алғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, Әлиев Мадагиз ауылына Суговушан деген тарихи атауын қайтарған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.