Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кеше Астанадағы медицина университетінің ұжымына жаңа ректор – Дайнюса Павалькисаны таныстырды.
Дайнюс Павалькис 2018 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің провосты қызметін атқарып келген ол 2012-2015 жылдары Литваның білім және ғылым министрі болған. Дайнюс Павалькис 2015 жылы отставка кеткенде Литва президенті Даля Грибаускайте ол істі «лас саяси іс» деп атаған еді.
Астана медицина университетінің ресми сайтында жарияланған жаңа ректордың өмірбаяны төмендегідей:
Dainius Pavalkis 1960 жылы 5 мамырда Литваның Каунас қаласында дүниеге келген.
1978 жылы Каунас медицина институтының жалпы медицина факультетін бітірді.
1990 жылы Мәскеудің проктология ғылыми-зерттеу институтын (Ресей) және Литваның Каунас медициналық институтын бітірді. Медицина ғылымдарының докторы.
1986-1993 жылдары Литваның Каунас медицина институтында хирург көмекшісі болып жұмыс істеді.
1993 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін Лондондағы Сент-Марк ауруханасында хирург көмекшісі болып жұмыс істеді.
1993-1995 жылдары Литваның Каунас медицина академиясының бас дәрігері болып жұмыс істеді.
1995 жылы Литваның Каунас медициналық академиясында доцент дәрежесін алды.
1995 жылы Литвадағы Каунас медициналық академиясының ассистенті болды.
1995 жылдың қыркүйегінен қазан айына дейін Нью-Йорктегі Memorial Sloan-Ketting Cancer Center-да және Массачусетстің Берлингтон қаласындағы Lahey Клиникасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
1995 жылдан 1997 жылға дейін Каунас медициналық университетінің ауруханасында және Литва Каунас аудандық ауруханасында бас хирург болып жұмыс істеді.
1997 жылдың мамыр-маусым айларында Афинаның Agia Sophia университетінің ауруханасында, және Erytheon университетнің ауруханасында, Португалияның Coimbros университетінің ауруханасында интернатура өтті.
1997 жылдан 2007 жылға дейін Литваның Каунас университеті ауруханасында хирургия кафедрасының меңгерушісі болды.
1997 жылдан 2010 жылға дейін Литваның Каунас Университеттік ауруханасында хирургия департаментінің коло-проктология бөлімінің бастығы болды.
2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін Литваның Каунас университетінің ауруханасында хирургия кафедрасында профессор болып жұмыс істеді.
2009 жылы Каунас медицина университетінің профессоры, Литва.
2010-2011 жылдар аралығында Литваның Балтық-Америкалық ауруханасының жалпы медицина кафедрасының директоры болды.
2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін Литва денсаулық ғылымы университетінде профессор болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін Литва Республикасының Білім және ғылым министрі қызметін атқарды.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Литваның Каунас клиникасының инновация және даму бөлімінің меңгерушісі. Литва денсаулық ғылымы университетінің хирургия факультетінің профессоры.
2018 жылдан 2019 жылға дейін С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің провосты қызметін атқарды.
2019 жылғы 28 ақпаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректоры болып тағайындалды.
Қазіргі таңда Еуропа Комиссиясының Консультативтік тобының мүшесі RISE HL, зерттеу, инновация және ғылыми саясат жөніндегі сарапшылар тобы. SPH мүшесі, Еуропалық Комиссияның денсаулық сақтау бойынша ғылыми тобы. Каунас қаласының мэрінің кеңесшісі.
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024
-
08.11.2024