arasha.kz

Ливан сабақтары: Бізге демократия керек!

BEIRUT, LEBANON - AUGUST 4: Smoke rises after a fire at a warehouse with explosives at the Port of Beirut led to massive blasts in Beirut, Lebanon on August 4, 2020. A large number of people were reportedly injured in the blasts, while former Prime Minister Saad al-Hariri -- who lives near the area of the explosions -- is said to be unharmed, according to initial reports. ( Houssam Shbaro - Anadolu Agency )

фото: ukrinform.ru

4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болды. 5 тамыз күні жарылыстың себебі анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Жарылыстан Бейрут қаласының біраз аумағы қирандыға айналды. Адамзат тарихындағы ядролық емес жарылыстардың ең үлкеніне баланып отырған жарылыстан жүздеген адам қайтыс болып, мыңдаған адам жарақат алған. 300 мыңдай адам үйсіз қалған.

Ливанға әлемдері елдері көңіл айтып, көмек қолын созуда. Бүкіл әлем назарын аударған жарылысқа қатысты Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров facebook парақшасында өз ойын жазды.

Ерлан Саиров

 

Ерлан Саиров, саясаттанушы, Еуразиялық интеграция институтының директоры:

– Бір кездері Ливан дамыған экономикасы бар гүлденген мемлекет, әлемнің шиеленіскен өңіріндегі бейбітшілік алқабы болған еді. Тек Таяу Шығыстың ғана қаржы және банк орталығы емес-тін. Ішкі саяси айтыс-тартыс, тұрақсыз сыртқы орта өзінің сұрқай ісін жасады. Бүгінде Ливан діни және ұлттық белгілер бойынша секторларға бөлінген. Орталықтандырылған мемлекет іс жүзінде жоқ десек те болады. Палестиндіктер, Хезболла, әлемнің түрлі арнайы қызметтері, Израиль, АҚШ, Ресей, Франция, ішкі топтармен тығыз байланыстағы мемлекеттер шағын ғана елді кішкентай бөлшектерге бөлуде. Жоғарыда айтылғандай, орталықтандырылған мемлекет іс жүзінде ғана бар. Билік құрылымының өзі діни белгілер бойынша бөлшектелген. Ал Ливан есте жоқ ескі заманнан сауда мен гүлдену орталығы ретінде белгілі еді. П.Коэльо өзінің «Бесінші тау» деген кітабына дәл қазіргі Ливан аумағын сипаттаған болатын

Біз қандай қорытынды шығаруымыз керек? Зерделеп, саралап, қорытынды шығарып, біздің жағдайымыз үшін теріс сәттерді жою қажет. Орталықтандырылған мемлекет (Қазақстан) біздегі позитивті дүние. Бұл аспектіні сақтап, дамыту керек. Иә, мемлекетімізде де көптеген ақау, кемшілік бар. Бірақ, бұл біздің мемлекетіміз. Демократия мен пікір плюрализмін дамыта отырып, мемлекеттік позицияда нық тұруға тиіспіз. Бізге демократия керек. Бұл – қоғамды жайластырудың әмбебап моделі. Алайда, демократияға қарай ілгерілеу мемлекеттік құндылықтарды құнсыздандырмауы тиіс. Саяси көзқарастар мен қоғамдық артықшылықтардан жоғары (мемлекеттік) құндылықтар болуы керек. Билікке әлеуметтік трансформация мен саяси реформалар жүргізу қажет.

Кедейлер мемлекеттік институттарды қажетсінбейді. Теңсіздік кез келген нигилизмнің қайнар көзі саналады. Сондықтан еліміздегі адамның даму индексін арттыру қажет.

Exit mobile version