15-01-19 |
3800 рет қаралған
Ұлтымызға қауіп төніп тұр.
Ұлтымызға қауіп төніп тұр

Биылғы жыл Белоруссияда «мемлекеттік тіл» жылы болып жарияланбақ. Бұл туралы «Белорусский народный фронт» оппозициялық партиясы ресми сайтында мәлімдеп, тұрғындарды ана тілінде сөйлеуге шақырды.

Соңғы уақытта Ресей мен Белоруссия Одақтас мемлекет ретінде айтылып жүргендігі рас. Сол себепті партия өкілдері көпшіліктен ана тілін дамытуды қолға алуды өтінді. Сондай-ақ белорусь тілін білім және құқық саласында кеңінен пайдалану қажеттілігі айтылуда.

«Біз биліктен ресейлік телеарналардың жұмысына шектеу қоюды талап етеміз. Өйткені олардың кейбіреулері ұлтаралық қақтығысты туындататын хабарлар таратады. Біздің елімізге қарсы ақпараттық соғыстың жүріп жатқанын байқауға болады», — дейді партия өкілдері.

Партия өкілдері мемлекеттік тілді дамыту арқылы ғана, ел Тәуелсіздігін нығайтуға болатынын айтады. «Қазіргі күні Белоруссияның тұрғындары орыс тілінде сөйлейді. Орыс тіліндегі кинолар мен хабарларды көреді, орыстардың стилінде өмір сүреді. Соның салдарынан ұлтымызға қауіп төніп тұр. Күндердің күнінде Ресей танкілері келіп, өз халқымызды қорғап жатырмыз деп айтулары мүмкін», — дейді оппозициянерлер.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Белоруссия мен Ресей елдері тығыз байланыстарын толықтай үзе қойған жоқ. 1996 жылы екі мемлекет арасында қоғамдастық құрылған болса, араға бір жыл салып екі ел басшылары одақтастыққа қатысты келісім-шартқа қол қойды. Дегенмен, ел президенті Александр Лукашенко Белоруссия ешқашан Ресейге қосылмайтынын айтудан жалыққан емес. Алайда, бүгінде мемлекет басшысының бұл сөзіне күмәнмен қарайтындардың қатары артып келеді.

Ендігі кезекте оппозияция Ресей телеарналарының жұмысына шектеу қою арқылы, ұлтқа төнген қауіпті сейілтуді көздейді.

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.