20-08-20 |
1800 рет қаралған
Лукашенко билігі оппозицияның үстінен қылмыстық іс қозғады.
Лукашенко билігі оппозицияның үстінен қылмыстық іс қозғады

Белорусь халқының он күннен астам уақыттан бергі қарсылығына қарамастан, қасарысып биліктен кетпей отырған Александр Лукашенко оппозиция құрған координация кеңесінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Бірер күн бұрын Литвадаға Светлана Тихановская бастама көтеріп, билікпен диалог жүргізу мақсатында координация кеңесін құрған еді. Кеңес президент әкімшілігіне өз ниеттерін айтып, хабарласқанын, бірақ жауап болмағанын хабарлаған. Ал бүгін Белорусь бас прокуроры Александр Конюк координация кеңесін құру билікті басып алуға бағытталғанын айтып, қылмыстық іс қозғалған хабарлады.

Бұған кеңес те жауап қатты. Олар: «Егер біздің ұсынысымыз қылмыс болса, онда елде заңдылық мәселесінде үлкен проблема бар» деді. Әрі кеңес құрылған кезде қабылданған резолюцияда кеңес билікті күшпен басып алуды мақсат етпейтіні айтылған.

Ал Лукашенко болса «қайта сайлау болмайды, сыртқы күштер ықпал етіп, елді бүлдірмекші» деген сықылды сөздерін әлсін-әлсін қайталап, кезекті рет күш құрылымдарының күшіне иек артуға бейіл екенін аңғартты.

Жергілікті баспасөздің жазуынша, Ресей мен ЕО арасында Лукашенкосыз Белорусьтің болашағы талқыланып жатыр-мыс дегенде ақпарат шықты. Оған себеп болған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кеше айтқан сөзі негіз болған. Лавров кеше Ресей Белорусьтегі жағдайға алаңдайтынын, бірақ сайлау кереме өтті деуге келмейтінін оған тіпті дәлел де жеткілікті екенін айтқан. Лавровтың бұл сөзі ресми Мәскеу Лукашенко билігін қолдай кетуге аса ықтияр еместігін білдіреді деседі Белорусь сарапшылары.

Бұрыннан бірбеткей, алды-артына қарамай эмоцияға көбірек ерік беретін әрі тақтан өлсе де айырлығысы келмейтінін ашық айтқан Лукашенконың тағдыры не болары белгісіз. Ал елде қарсылық шерулері, аштық жариялаған өндіріс орындары көбейіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.