Белорусь президентң Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин екеуі бүгін тағы да телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Екеуарада әңгімеде Лукашенко Путинді Белорусьтегі жағдай туралы хабардар еткен. Олар елдің ішкі жағдайымен қоса, Батыс елдері бағытындағы сырт елдердің де жағдайға қатысты жағын сөз еткен.
Сондай-ақ Белорусь Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын алатын алғашқы ел болатыны да келісілген.
Белорусьте президент сайлауының қортындысы қарсылық екі аптадан бері тоқтамай тұр. АҚШ, ЕО елдері Лукашенко билігін халықпен диалогқа келуге үндеп отыр. Лукашенко әзірге ол үндеулерге құлақ асар емес.