21-05-21 |
1150 рет қаралған
Лукашенко Тоқаевқа «өкпесін» айтты.
Лукашенко Тоқаевқа «өкпесін» айтты

Беларуссия Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен жеке кездесу өткізе алмайтынына өкініш білдірді. Және «Қазақстан бұрын қонақжай болатын» деген ренішін жасырған жоқ.

“Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен бері бір-бірімізді көре алмай жүрміз. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Бірақ қазір оқшауланып, вакцинамыз жақсы, вакцинациялау жақсы жүргізіп жатыр деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі кездесе алмадық”, – дейді Лукашенко.

Қазақстан президенті бұл мәлімдемені жауапсыз қалдырмады.

“Мен біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеулеріңізді сұраймын. Кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз бұл шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі біткен жоқ”, – дейді Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.