Бүгін Ішкі Істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есебі өтті. Онда ол Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық 25% өскенін мәлімдеді. Оның ішінде 10 адамның екеуі ғана полицияға хабарласады екен.
58 өз-өзіне қол жұмсау, 137 өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену тіркелді. Оның себебі көбінесе отбасындағы жанжал екен.
Жыл сайын 2000 балаға қатысты қылмыс тіркеледі екен. Олардың үштен бірі жыныстық қолсұғу, бұл қылмыстардың 70% жақындары тарапынан болады екен.
Соңғы кезде интернет алаяқтық та 4200-ге өскен екен.
Жалпы қылмыс саны 38% азайға оның ішінде ағзаға ауыр жарақат келтіру – 9% , қарақшылық – 56%, тонау – 53%, ұрлық – 50%, бұзақылық – 45%