arasha.kz

Мәскеу әуежайында ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Шеремметьево әуежайында ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты. Бұл туралы РФ ТК Мәскеу өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская хабарлады деп жазады жергілікті БАҚ.

Ұшақ «Аэрофлот» компаниясының Sukhoi Superjet 100 моделі. Лайнер Мәскеуден Мурманск қаласына аттанған. Алайда 28 минут ұшқаннан кейін экипаж шұғыл түрде Мәскеу әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға әрең қонған. Дұрыс қонбаудан әуе көлігінің тірегі сынып, қозғалтқышы жана бастаған. Сосын, өрт дереу ұшақтың артқы бөлігін жалмап кеткен.

Апаттан 33 жолаушы аман қалған және төрт экипаж мүшесі, алты адамды ауруханаға жеткізген, олардың үшеуінің жағдайы мүшкіл.

Мурманск облысының губернаторы Андрей Чибис аймақта үш күндік қаралы күн жариялап, қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетіндігін айтты.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, ел премьер-министрі Дмитрий Медведев осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізетін мемлекеттік коммисия құрылатындығын айтты. Ространснадзор «Аэрофлот» компаниясын, Шереметьево мен Әуе қозалысы ұйымының мемлекеттік корпорациясына жоспардан тыс тексеру жүргізбек.
Ал Қазақстан Сыртқы Істер министрлігі өртенген ұшақта қазақстандықтар болды ма, жоқ па екендігін анықтау үшін бортта болған жолаушылардың толық тізімін күтіп отырғандығын мәлмдеді.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Exit mobile version