Алматыда қалалық мәйітхана басшысы Бақытжан Әлібеков екі айға қамауға алынды. Ол «14 миллион теңге көлемінде пара алды» деген күдікке ілінген. Лауазымды қызметкер қалалық паталогоанатомиялық бюроны 6 жылдан бері басқарып келген. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы оқиғаның видеосын жариялады.
Мәйітхана директоры 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді (видео)
