22-10-21 |
1270 рет қаралған
«Мәскеу пікірі Киев үшін қызық емес»: Остинның Украинаға сапарында бомбалаушы ұшақтар ілесіп келді.
«Мәскеу пікірі Киев үшін қызық емес»: Остинның Украинаға сапарында бомбалаушы ұшақтар ілесіп келді

АҚШ билігі Киевтің НАТО-ға енуін толықтай қолдайды және бұған ешкім кедергі болмауы керек деген пікірде. Ал Мәскеу мұны «қызыл сызықтан» асу деп бағалап отыр, деп жазды Sputnik Қазақстан РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Остинның Украинаға сапарын Украинадағы мемлекеттік БАҚ елдің НАТО-ға кіру мәселесін түбегейлі шешетін оқиға деп бағалады. Алайда Пентагон басшысы украиналықтарға нақты ештеңе уәде етпеді: тәуелсіздікті қолдау және еуроатлантикалық ұмтылыстар туралы жалпы пікірлер ғана айтылды.

Бұл жай іссапар болған жоқ. Остин мінген ұшақ Киевке қонған кезде Қара теңіз үстінен ресейлік Қырым жағалауын бойлай АҚШ Әскери-әуе күштерінің В-1 екі стратегиялық бомбалаушы ұшағы ұшып өтті. Мұның астарында «біз шекараға жақын келдік» дегендей астар жатыр.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл Ресейдің ұлттық мүдделерінің қызыл сызығын қрескел бұзу боп саналатынын айтты. Мәскеу «өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді іс-шараға көшуге мәжбүр болады».

Украина тез арада реакция танытып, СІМ басшысы Дмитрий Кулеба осы мәселеге қатысты Мәскеу пікірі Киев үшін қызық емес екенін айтты. 

Қалай болғанда да ерте ме, кеш пе, Украина НАТО-ға кіретіні анық. Себебі америкалықтар Украина Қарулы күштерін модернизациялауға тым көп қаражат жұмсады. Ал АҚШ тектен-текке шығындалмайтыны бәрімізге белгілі.

«Ресей үшін Украина расында да НАТО-ны жақындатуға болмайтын қызыл сызық іспеттес, – дейді РИА Новостиге берген сұхбатында әскери ғылымдар докторы Константин Сивков. – Себебі белгілі: украин халқы ұлты жағынан орыспен бірдей. Сондықтан елдің НАТО-ға кіруі толыққанды азаматтық соғысқа себепші болады. Бұл АҚШ үшін тиімді болар еді. Пентагон қазірдің өзінде Украина Қарулы күштерін Ресей мен Солтүстік альянс арасында қақтығыс туындай қалса, алдыңғы шепте жүретін эшелон құрастырып жатыр».

Сарапшы Украина НАТО-ға кіргеннен кейін оның шығыс шекарасында бірден Оралға дейін әуедегі және жердегі ахуалға мониторинг жүргізе алатын батыстық барлау аппаратурасы пайда болатынына сенімді. Одан кейін америикалықтар мұнда зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, орта және шағын қашықтыққа арналған зымырандар орналастырады.

«Донбастағы проблема жайлы да ұмытпау керек, – деді Сивков. – Украина НАТО-ға кіргеннен кейін мойындалмаған республикалармен енді батыс елдерінің сарбаздары соғысуы мүмкін. Онда Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасы толық қирайды немесе Ресей оларға қолдау көрсетіп, бұл Батыспен ашық қақтығысқа алып келеді».

Сарапшының айтуынша, бұл жағдайда Кремль тарапынан дұрыс шешім тәуелсіз бүлікші республикаларды мойындап, оларды Ресей құрамына қосу болады. Ал БФатыс осыдан секемденіп отыр. Оның үстіне батыс шекараны бұрынғыдан бетер нығайту қажет болады.

Бүгінде Украинаның альянсқа кіруіне Донбастағы соғыс кедергі болып тұр. Ұйым жарғысына сәйкес, аймақтық, этникалық немесе саяси мәселеде кереғарлығы бар мемлекеттер альянсқа мүше бола алмайды. Ал Брюссельдегілер өзгенің соғысына араласатындай ақымақ емес.

Олар ресмилікті сақтау қажет екенін біліп отыр. Бір жағынан, бұл халықаралық құқықты айналып өтіп, альянс елдеріне Косово тәуелсіздігін мойындауға кедергі болған жоқ.

«Біз әлі де кері шегініп келеміз, ал Батыс қоқан-лоқы көрсетуден тайынбай жатыр, – дейді Әскери ғылымдар академиясының профессоры Сергей Судаков. – Олар Ресейдің альянспен өзара әрекеттестігі үшін жауап беретін барлық құрылымнан біздің дипломаттарды қудалаймыз деп қорқытуда. Бүгінде қуаттының құқығы басым екені анық. Ал Украина сол қуаттылар әлеміне аяқ басуды көздейді».

Саясаттанушының пікірінше, Ресейге кем дегенде ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын қалыптастыру керек және ол тұжырымдама ел үшін не нәрсе ұқауіп, не нәрсе қауіп емес деп бағаланатынын анық көрсетуі керек. Оның пікірінше, Украина НАТО-ға кіргеннен кейін Ресей шекарасына жақын маңда америкалық «Томагавк» зымырандарын орналастыру соғысқа себеп болуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.