17-07-20 |
1540 рет қаралған
Медсақтандыру қорының бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді.
Медсақтандыру қорының бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

фото: elitar.kz

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының” бұрынғы басшысына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен іс қозғаған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлаған

«Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амында сатып алынатын қызметтердің бағасын өсіру арқылы қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген ақпаратта.  

Бұған дейін 13 шілдеде жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амындағы ақша жымқыру фактісіне орай іс қозғалғанын хабарлаған еді. Бірақ іс нақты кімге қарсы қозғалғаны айтылмаған болатын.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловты 10 шілде күні болған үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев сынап, қызметінен алу туралы айтқан еді. Сол күні Жұмағұлов өз өтінішімен қызметінен кеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.