фото: elitar.kz
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының” бұрынғы басшысына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен іс қозғаған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлаған.
«Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамында сатып алынатын қызметтердің бағасын өсіру арқылы қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген ақпаратта.
Бұған дейін 13 шілдеде жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ақша жымқыру фактісіне орай іс қозғалғанын хабарлаған еді. Бірақ іс нақты кімге қарсы қозғалғаны айтылмаған болатын.