Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітте атыс болып, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті nzherald.co.nz сайты.
Атыс шығарғандардың бірі австралиялық ультраоңшыл көзқарастағы австралиялық азамат Аль-Нұр мешітінде 17 минут өзінің іс әрекетін тікелей эфирде видеоға түсіріп тұрған.
Линвудта 10 адам қаза тауып, 30 адам Хагли саябағының маңындағы Дин-Авен мешітінде мерт болды. 27 адам түрлі жарақаттар алған деп жазады жергілікті басылым.
Қазіргі уақытта 4 адам қамауға алынған, олардың арасында бір әйел бар.
Құзырлы орындардың айтуынша, бұл «террорлық акт» алдын ала жоспарланған. Күдіктілердің еш бірі бұған дейін тәртіп сақшыларының көздеріне түспеген. Қазір Крайстчерчке жан-жақтан тәртіп сақшылары жұмылдырылып жатыр.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024