Бүгін Белорусь астанасы – Минскіде екі үлкен митинг өтпек. Бірі – Лукашенконы қолдауға арналса, екіншісі – халықтық «Бостандық» маршы. Жергілікті БАҚ- тың жазуынша, екі митингіде елдегі ең үлкен митингі болмақ.
Лукашенконы қолдауға елдің түкпір-түкпірінен автобустармен бюджет қызметкерлерін тасып, Минскіге әкеліп жатқаны туралы хабар тарауда.
Халықтық «Бостандық» маршына шығатындар президенттің орнынан кетуін, саяси тұтқындардың босатылуын талап етпек.
9 тамызда болған президент сайлауынан кейін Белорусьте басталған қарсылық акциялары әлі жалғасып жатыр.