07-02-20 |
3410 рет қаралған
Митинг туралы заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды.
Митинг туралы заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды

Митинг, демонстрация және бейбіт шерулер туралы заң жобасы қоғам талқысына шығарылды.

Заң жобасын митинг өткізілетін орындарды белгілеу туралы айтыла келіп, 250 ден аспайтын адам жиналатын митинг болса, оны жергілікті уәкілетті органға хабарлама беру арқылы ғана өткізуге болатыны айтылады. Яғни, жергілікті органның арнайы рұқсаты талап етілмейді. Ал митинг, шеруге қатысушылардың саны 250 адамнан асса, онда митинг жергілікті орган белгілеген жерде өткізіледі.

Заң жобасы ашық үкімет порталында орналастырылғанын facebook парақшасында арнайы жазба жазып, хабарлаған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев көпшілікті заң жобасын талқылауға қатысуға шақырған.

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа Заң әзірлеуді тапсырды.

Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды.

Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады.

Енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.

Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын» деп жазады министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.