Өткенде Бішкектегі Қытай елшігінің алдында митингіге шығып, Қытайдан этникалық қырғыздарды қудалауды тоқтатуды сұраған қырғыз азаматтары Қытайға он күн ішінде этникалық қырғыздар туралы ақпарат беруді талап етіп қойған.
«Біз оларға жауап беруге он күн бердік. Осы уақыт ішінде олар қайта тәрбиелеу орталығындағы қырғыздар туралы ақпарат беруі тиіс» депті «Кырк чоро» қоғамдық бірлестігінің өкілі Замирбек Кочорбаев.