09-06-19 |
10710 рет қаралған
Митингілерге қатысты шетелдік бақылаушылар пікір білдірді.
Митингілерге қатысты шетелдік бақылаушылар пікір білдірді

«Егер адам тек сайлауға наразылығын көрсеткісі келсе, онда сайлау күні наразылық үшін жақсы күн. Өйткені оның әрекетін тұрғындар, БАҚ көреді», деді АҚШ-тан келген бақылаушы Ричард Вейтц. Бұл туралы ҚазТАГ жазады.

«Оларды не үшін ұстайды? Сайлауға бейбіт бойкот жасағаны үшін бе? Бұл дұрыс емес. АҚШ та адам митингіге шығып, Ақ үйдің алдында «бізде әділдік жоқ!» деп айқайлай алады. Әдетте ондай адамды полиция ұстамайды. Егер ол көше қозғалысына кедергі болып, біреудің қауіпсіздігіне қатер төндірсе, полиция оны біраз уақытқа ұстауы мүмкін. Адамдардың сайлауға бойкот жариялауы жақсы нәрсе. Бұл азаматтардың еркін білдіруінің дамығанын көрсетеді» депті Ричард Вейтц.

Сондай-ақ, АҚШ-тан келген бақылаушы 7 сайлау учаскесіне барғанын ешбірінде заң бұзушылық байқамағанын айтқан.

Тағы бір шетелдік бақылаушы, адам құқығы жөніндегі тәуелсіз ұйымның кеңесшісі Рареш Триф: «Азаматтардың митингіне шығып, өз пікірлерін айтуы демократия тән нәрсе және оған рұқсат етіледі. Бұл қалыпты нәрсе. Мұндай нәрселер кез келген елде болады» депті.

Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтанда азаматтар митингіге шығып, ішкі істер министрлігі жүз адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.