18-09-19 |
1270 рет қаралған
Моңғолияда Шыңғыс хан атындағы ақпарат агенттігі ашылды.
Моңғолияда Шыңғыс хан атындағы ақпарат агенттігі ашылды

Моңғолияда «Шыңғыс» (Chinggis) деп аталатын жаңа ақпараттық агенттік ашылды. Шыңғыс – әйгілі Шыңғыс хан екені мәлім. Агенттіктің ашылу салтанатына 14 елден ақпарат саласының мамандары қатыстыпты. Халықаралық ақпарат агенттігі «Mongol Content» медиа-компаниясына қарайды.

Бұл компанияның құрамында теледидар, газет, веб-сайттар бар. Жаңадан ашылған агенттік ашылу салтанатына шақырылған бірнеше елдің ақпарат өкілдерімен өзара меморандумға қол қойған.

Моңғолияда Шыңғыс ханның атында халықаралық әуежай, банк, жоғарғы оқу орны, көшелер бар. Сондай-ақ, Шыңғыс ханның алып ескерткіші де осы елде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.