04-09-20 |
1640 рет қаралған
НАТО «Ресей билігінің қылмысын» мұқият тексермек.
НАТО «Ресей билігінің қылмысын» мұқият тексермек

НАТО ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына қатысты жоспардан тыс отырыс өткізеді. Ұйымның бас хатшысы Альянс Йенс Столтенбергтің айтуынша, ол 4 қыркүйекке белгіленген. Батыс елдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, елшілер деңгейінде өтетін жиында тараптар Алексей Навальныйдың улануына қатысты мәселені талқылап, «Ресей билігінің қылмысын» мұқият тексермек. Ресейге санкция салу мәселелері де қарастырылуы ықтимал. НАТО-ның ресми өкілі Оана Лунгеску мұны твиттердегі жазбасында растады. Ол «4 қыркүйекте 15:30-да ұйымның бас хатшысы Альянс Йенс Столтенберг (Астана уақыты бойынша) НАТО-ның отырысынан кейін БАҚ өкілдерімен кездеседі. Тақырыбы – Алексей Навальныйдың «Новичок»-пен улануы», – деп жазды. Бұл мәселеге қатысты РФ Президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Ресейді айыптауға ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Навальный Берлиндегі Charite ауруханасында емделіп жатыр. Оның өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Фото dw.com сайтынан алынған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.