arasha.kz

Норвегия Қазақстанның заңсыз еңбек мигранттарын елге қайтарып жатыр

Норвегия Қазақстанның 59 заңсыз еңбек мигранттарын депортациялап жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«25 қыркүйекте Норвегия билігі уақытша жұмыс істеуге келген 59 Қазақстан азаматының заңбұзушылығын анықтады. Олардың көбі туристік визамен келген. Қазіргі таңда аталған 59 азаматтың 45-і отанға оралды, қалған 14 адам бүгін қайтарылады», – деді Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, азаматтардың елге қайтуына елшілік көмек көрсеткен.

Exit mobile version