Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталып, қамауға алынды. Және ол партия қатарынан шығарылды.
Ақтөбе облысы полиция департаменті tengrinews.kz берген түсініктемесінде: «Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторында қамауда» делінген. Полиция департаменті күдіктінің аты-жөнін атамаған.
Аталған факті бойынша «NurOtan» облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына Аркадийді Ниді «Nur Otan» партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынған. Облыстық Саяси кеңес бюросының қаулысымен ол «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылған.
Кеше әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталғаны жөнінде хабар тараған еді.
Фото:aktobeoblmaslihat.kz