10-01-20 |
1860 рет қаралған
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты.
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық екі жыл алты айға түрмеге қамалады деп хабарлайды «Хабар 24«.

Бүгін Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кеткен қазақстандыққа осындай үкім шығарылды. Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді. Олардың айтуынша, баланы емдеуге алпыс миллионнан астам вон жұмсалған. Ол елу мың доллардан асады. Сонымен қатар баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, былтыр 16 қыркүйекте 20 жастағы Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда баланы көлікпен қағып кеткен. Ол оқиға орнынан қашып кетті деген ақпарат тарады. Содан азамат Павлодар қаласынан табылып, істегені үшін кешірім сұрап, өз еркімен Оңтүстік Кореяға қайтып барған.

Қазақстандық баланы қағып, қашып кеткен соң Оңтүстік Корея елден шығу ережесін қатаңдатпақ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.