Экономист Мақсат Халық олигархтардан мемлекетке қайтарылған қаражатты халыққа берсе болады деп есептейді. Бұл туралы ол arasha-ға берген пікірінде айтты.
«Осы қаражаттардан арнайы қор құрып, тікелей әлеуметтік осал топтарға қолдау жасауға болады. Мәселен, әлеуметтік карта туралы бастамалар айтылады бастады. Күні кеше депутаттар да әлеуметтік карталарды жандандырайық деді. Мінекей, қаражатты тікелей сол әлеуметтік картаға аударуға болады. Мысалы, көп балалы отбасы тамызда балаларын мектепке дайындауы керек болса, сол сәтте әлеуметтік картаға айталық, 100 мың теңге түсе қалса, ол көпбалалы отбасы үшін жақсы көмек болады», – деді Мақсат Халық.
Оның айтуынша, олигархтардан түскен қаражат бюджет дефицитін жабуға жіберілуі де мүмкін. Бірақ ол қаражаттың бюджеттен әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей жұмсалатынына және нақты зәру адамдардың қолына жететініне тағы да күмән бар.
Экономисттің пікірінше, олигархтардан қайтарылған қаражатты ұлттық қорға аударуға да болады. Қазіргі кезде үкімет ұлттық қордың қаржысын пайдалану лимитіне жетіп тұр. Ұлттық қордағы ақша жыл сайын азайып келеді.
Бұған дейін бас прокуратурада экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия кезекті отырысы өтіп, онда Қайрат Боранбаев – 11,3 млрд теңге, Қайрат Сатыбалдыұлы – 36 млрд, Гүлмира Сатыбалды – 230 млрд, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерінің БАӘ дегі 3 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттар мемлекетке қайтарылғаны жария болған еді.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024