Қытайда тарап жатқан коронавирустың жаға түріне шалдыққандар Оңтүстік Кореяда да өсе бастады. Жұмаға қараған күні бұл елде коронавирусқа шалдыққандар саны 156 адамға жетті деп хабарлайды жергілікті Yonhap News Agency агенттігі.
Елде індеттің бастапқы кезеңі болғандықтан аурудан айығу мүмкіндігі жоғары, алайда коронавирусқа шалдыққандар саны бар жоғы үш күнде күрт артып отыр.
Жұма күні 52 адам індетке шалдықты. Бұл адамдардың 41-і Тэгу қаласында, үшеуі Корея астанасы Сеул қаласында тіркеліп отыр.
Науқастардың саны артып, өлім –жітім фактілері тіркеле бастаған соң елде Тэгу мен Чхондо қалаларын «ерекше басқару аймақтары» ретінде жариялау жөнінде шешім қабылданып отыр. Тэгу мен Солтүстік Кёнсанда расталған жағдайлардың саны – 111. Вирусқа тест жасатқан және карантиндегі адамдардың саны 2707 адамға жеткен.