02-10-18 |
3600 рет қаралған
Қос Корея шекараларындағы миналарын ала бастады.
Қос Корея шекараларындағы миналарын ала бастады

Солтүстік және Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері әскерлер шекарадағы 800 мыңнан астам жер бетіндегі миналарды алып жатыр деп мәлімдеді.

Оңтүстіктегі Панмунжом ауылындағы қатты күшейтілген біріккен қауіпсіздік аймағында тазарту басталды, енді Кореядағы соғыс кезінде жүздеген әскер қаза тапқан жекелеген аймақтардағы миналар да алынып тасталады.

Дүйсенбі күні Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі: «Қарусыздану аймағының  жалғыз бөлігіндегі бетпе-бет тұрған қарулы күштер қуылады, біріккен қауіпсіздік аймағындағы барлық миналар 20 күннің ішінде алынып тасталады» -деп мәлімдеді.

Сонымен қатар жұмыс аяқталғаннан кейін шекара бойындағы шиеленісті реттеу шаралары аясында аудандағы қарусыз әскерлер қалдырылып, күзет бекеттері мен қару-жарақтар да алынып тасталатындығы айтылды.

Өткен айда екі Корея басшылары Ким Чен Ын мен Мун Дже Иннің Пхеньяндағы кездесуінде осы іс-әрекет келісіліп, шешілген еді.

Сәуір айында Оңтүстік Корея шекара бойындағы дауыс зорайтқыштар арқылы «екі Корея арасындағы әскери шиеленісті жеңілдетуге» үгіттеуді тоқтатататындықтарын мәлімдеген еді. Енді олар дауыс зорайтқыштарды шекара бойынан алып тастап жатыр.

Қарусыздану аймағы Корея түбегі арқылы өтетін ұзындығы 250 км және 4 км жер учаскесі. Қазіргі уақытта ол жерде миналар өте көп және тікенді сыммен, бақылау камералары, электр қоршаулармен күшейтілген.

Жазық жерлер үлкен тастармен бекітіліп, жаяу әскерге қарсы  миналар төгілген.

Шекараның екі жағында он мыңдаған әскерлер мұқият қадағалап тұрғандықтан, аумақты кесіп өту мүмкін емес еді.

Өткен жылдың қараша айында Панмунжомда ортақ қауіпсіз аймақтың  Оңтүстік Корея жағына өткен солтүстік кореялық бір жауынгерді өз әскері атып, жарақаттаған болатын.

Оңтүстік Кореяның ресми өкілдерінің айтуынша, жеті жыл бұрын Ким билікке келгеннен бері Солтүстік Кореядан оңтүстікке шекараны заңсыз кесіп өтетіндер саны азайған.

1953 жылы Корея соғысы аяқталғанына қарамастан әлі күнге дейін Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қарым-қатынас күрделі болып келді. Бірақ соңғы айларда олардың қарым-қатынасы айтарлықтай жақсарды.

Өткен айдың басында, Пхеньянда екі ел басшылары денуклеаризацияға байланысты тоқтап тұрған келіссөздерге қатысты кездесті.

Arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.