Өзбекстанда орыс тілімен күрес жүріп жатыр. Мәселен, Өзбекстанның Сырдария облысы Сырдария ауданында жергілікті әкімшіліктің шешімімен көшелердегі орыс тіліндегі жазбалар алынып жатыр.
«Өзбекстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңын орындау үшін Сырдария ауданында түсіндіру және насихат жұмысы жүргізіліп жатыр» делінген ауданның телеграм каналында.
Аудан әкімшілігінің бұл әрекетін орыс тілінде сөйлейтін қауым орыс тілінде сөйлейтін Өзбекстан азаматтарына жасалған дискриминация деп шуылдап жатыр.
Қазақстанда орыс тілі ресми тіл саналады. Мемлекеттік тілді қолдауға қатысты ұранды мәлімдемелер көп айтылғанмен іс жүзінде елде орыс тілі үстем.