arasha.kz

Павлодар атауының өзгеруіне қарсы ел намысына тиген адам қамалды

Павлодар облысы атауының өзгеруін жақтаушыларға қарсы шығып, әлеуметтік желіде ел намысына тиген 59 жастағы азамат үш күнге қамалды.

Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылық сотының хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде 13 сәуірде «Vpavlo» атты әлемуметтік желі парақшасында М есімді азамат Қазақстан халқының ар-намысына тиетін комментарий жазған.

М есімді азамат Vpavlo парақшасында Павлодар атауын өзгерту туралы петиция сөз болғанын, ол петицияға қарсы шығып, ар-намысқа тиетін комментарий жазғанын мойындаған. Сот шешімімен ол үш күнге әкімшілік қамауға алынған.

Exit mobile version