arasha.kz

Педофилдерді қатаң жазалау туралы заң жобасы қабылданады

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі  Әлихан Смаилов Қазақстан халқына мемлекет басшысы жолдауын іске асыру бойынша жоспарды ұсынды. Онда министр мемлекет басшысының «Конструктивті қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты жолдауын іске асырудың жобасы және шараның жалпыұлттық жоспары құрылғанын, жоба 5 бағытта 81 шарадан тұратынын айтты.

Министрлің сөзінше, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында 15 шара іске аспақ. Сот шешімінің сапасын арттыру, «Сот практикасын цифрлы сараптау» жүйесін тәжірибеге енгізу, әкімшілік полиция Коммитетін халықаралық озық тәжірибені негізге ала отырып, қызметін арттыру.

– Жеке тұлғаға қатысты ауыр қылмысты жазалауды қатаңдату бойынша 6 заң жобасын қабылдау жоспарланған. Олар – сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық, браконьерлік, әкімшілік заң бойынша азаматтардың құқықтық қауіпсіздігіне кепілдікті арттыру бойынша антикоррупциялық шаралар енгізу. 2020 жылдың соңына дейін Қорғаныс Күшін дамыту Концепциясы және жауынгерлік қалыптасудың жаңа редакциясы қабылданады, – деп хабарлайды қаржы министрі  .

Exit mobile version