10 маусым түскі сағат 12.00 шамасында Алматыдағы «Астана» алаңы маңындағы саябақта полиция отызға жуық адамды ұстап алып кетті. Бұл ақпаратты оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы хабарлады. Оның айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Полиция саябақты қоршауға алған.
Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. «Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?» деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі «құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын» айтты.
Бір ұсталған азаматтың туысының қан қысымы көтеріліп, жерге құлап қалған. Кейіннен қалпына келген. Бір азамат полиция ұстаған соң қарсылық білдіріп, күре тамырын тіліп жіберген. Есін жоғалта бастаған кезде жедел жәрдем көлігі келіп, алып кетті.
Түстен кейін полиция «Астана» алаңын жауып, көлік қозғалысын тоқтатты.
Нұр-Сұлтанда полиция Бәйтерек маңын қоршаған. Азаматтар қаланың орталық бөлігіне біртіндеп жинала бастаған.
Дереккөз: Азаттық
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024