Польшаның арнайы қызметі 11 қаңтарда «Қытайдың барлау қызметімен әріптестік орнатты» деген күдікпен екі азаматты ұстаған. Олардың бірі – Польшадағы Қытайдың Huawei компаниясының сату жөніндегі директоры.
Прокуратура өкілдері Вейцьзин В. есімді Қытай азаматы (Польша заңы бойынша күдіктілердің фамилиясы айтылмайды – ред.) «Қытайға тыңшылық жасаған» деп күдіктенеді.
Польшада Станислав деген атпен де жүрген Вейцьзин поляк үкіметінде Huawei компаниясының мүддесін қорғаған – ресми органдарды компания жабдықтарын сатып алуға үгіттеген. 2000 жылдары Варшавадағы Қытай елшілігінде істеген. Бұрын Польшаның Лодзь қаласында оқыған. Оған дейін Пекиндегі халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Екінші күдікті – Петр Д. есімді поляк. Өткен жылы ол Еуропадағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі Orange компаниясына жұмысқа кірген. Оған дейін Польшадағы ішкі қауіпсіздік агенттігінде жоғары қызмет атқарған. Арнайы қызметте істеген кезде оның поляк үкіметі мүшелері қолданатын шифрлы байланыс жүйесіне кіру мүмкіндігі болған. 2017 жылы компьютерлік жүйе бойынша тендер өткізу кезінде «пара алды» деген күдікпен қызметінен босатылған. Бірақ прокуратура оған қарсы қылмыстық іс қозғамаған.
Күдіктілер қамауда кемінде үш ай болады. Варшавадағы Қытай елшілігі өкілдері поляк билігінен түрмедегі Вейцьзинмен кездесуге рұқсат та сұраған.
Желтоқсан айында Чехияның киберқауіпсіздік бойынша мамандары жергілікті үкіметті Huawei жабдықтарын қолдануда сақ болуға кеңес берген. Сарапшылардың айтуынша, Қытай шенеуніктерімен әріптестік орнатқандықтан сол елдің компаниясының өнімін қолдану елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Желтоқсан айының басында АҚШ өтініші бойынша Канада Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды ұстаған. 12 желтоқсанда Ванкувер қалалық соты оны кепілге босатты. Бірақ оны АҚШ-қа экстрадициялау туралы өтініш әлі күшінде. Мэн Ваньчжоу «салық заңнамасын бұзды» деген күдікке ілінген.
Қарай отырыңыз: Huawei-дің қаржы директоры ұсталды
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
29.11.2024
-
28.11.2024